Тыл жұмысшысына көмек көрсетілді
Солтүстік Қазақстан облысында ҚАЖД қызметкерлері мен еріктілер тыл жұмысшысы Иван Фарбей тұратын үй ауласының және үй маңайының тазалап және бақша қазып, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен – 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланды, осыған байланысты СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және Ғ. Мүсірепов ат. аудандық
жастар орталығымен бірлесіп, тыл жұмысшысы Иван Фарбей тұратын үй ауласының және үй маңайының тазалап және бақша қазып, «Біз біргеміз» атты іс-шарасы өткізілді, аталған іс-шараға өз еркімен Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар
ынта білдіріп қатысты.
Тыл жұмысшысы, Иван Иванович Фарбей, 1933 жылы 18 қарашада Каменец- Подольский облысы Славутский ауданы Перемешель ауылында дүниеге келген. Ол 10 класс бітірген.
Соғыс басталдған кезде И.И. Фарбей сегіз жаста болатын. Отбасында бес бала болды. Ол тұратын аумақты немістер басып алған еді. Орманда қазылған жерлерде өмір сүрді. 1944 жылы 20 қаңтарда Кеңес әскерлері ауылды немістерден босатты. Колхозда темекі мен астықегіп, егін жинау үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды, аттарға сабан салып өткізіп отырды, астық бастырды. 1952 жылы Қытайдағы Порт-Артур қ. әскерде қызмет етті, 1956 жылы қайтып келді. Ауылшаруашылық техникумын бітірді. 1957 жылы комсомол сапарында тың жерлерді игеруге аттанды. Ол Қазақстанда Алғабас савхозында механик, бригадир көмекшісі болып жұмыс істеді. 1959 жылы оны механикаландыру мектебіне кәсіптік оқыту шебері ретінде жіберілді. 1967 жылдан бастап «Пескинский завод» ТБК-нда бетон ауыстыру цехының басшысы, бас механик, жөнде шеберханасының басшысы, жабдықтау басшысы болып жұмыс істеді және осы заводтан 1993 жылы зейнетке шықты.
Құрмет грамоталары және мерейтойлық медальдары бар. Үш баланы тәрбиелеп өсірді. Қазір бес немересі және үш шөбересі бар. И.И. Фарбей Новоишим а. Зерновая көшесінде тұрады.