Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушіні пышақпен жарақаттаған күдікті ұсталды

Алматы облысында көлік жүргізушісіне пышақ жарақатын салған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні “Алматы-Сарыөзек” автожолының 159-шақырымында Қарашоқы ауылының тұсында Жамбыл ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасалған. Қарақшылық кезінде зардап шегуші бірнеше пышақ жарақатын алып, күдікті оның автокөлігін мініп, оқиға орнынан ізін суытқан. Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтап, бой тасалаған күдіктіні ұстады.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 1998 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді. Ең алдымен, зардап шегушінің автокөлігі Сарыөзек кентінің маңында алдыңғы дөңгелегі жарылған күйде табылды. Бірнеше сағат өткен соң қарақшылық жасады деген күдікке ілінген адам Үштөбе қаласында қолға түсті,- деп хабарлады Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің басшысы Ербол Айтқалиев.


Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталатын болады. Ұсталған күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру