Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ режимін бұзған тұрғындар анықталды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 766 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

22 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 732 құқық бұзушылық, оның ішінде 162 адам қамауға алынды202 адамға айыппұл салынды, 332 адамға ескерту жасалды, 2материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 3бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 айыппұл салынды, 17-сі қамауға алынды.

Мысалы, Әбілхайыр хан даңғылында полицейлер 59 жастағы ер адамды тоқтатты, ол қоғамдық орында мас күйінде карантин режимін бұзған. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік сот құқық бұзушы екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері де орын алды, мұндай бұзушылықтардың саны 34-ге жетті. Сонымен қатар 100-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына жабылды.


Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру