Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске”: Түркістан облысының полицейлерімен жүргізілген шаралар өз нәтижесін беруде

Түркістан облысының полицейлерімен жүргізілген шаралар өз нәтижесін беруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыс аумағында “Учаске” профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты-халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді пәтерлер мен аулалар, сондай-ақ профилактикалық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша толық тексеруде. Оған қоса бостандығынан айыру органдарынан шыққаннан кейін ішкі істер органдарында есепке тұрмаған адамдарды анықтауда. 

Сонымен қатар базарлар мен өзге де сауда орындарын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қараусыз қалған ғимараттарды, саяжай алқаптарын, құрылыс обьектілерін, жертөлелер мен кәріз құдықтары және басқа да орындар толық қаралуда. Және де елімізде болу қағидаларын бұзған, елден шығару туралы соттың шешімін орындамаған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған жұмыс берушілерді анықтау шаралары ұйымдастырылды.

Айта кететін жайт, аталмыш акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық, патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар бүгінде өз нәтижесін беруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру