Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге учаскелік полиция инспекторы көмекке келді

Павлодар облысында учаскелік полиция инспекторы аязды күні жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында аязды ауа райы бірнеше күнге созылды. Кей жерлерде ауа температурасы -35°-қа дейін төмендеді.

– Полиция мен төтенше жағдай қызметтерінің көптеген ескертулеріне қарамастан, кейбір көлік жүргізушілері алыс жолға шығады. Нәтижесінде төмен ауа температурасына төтеп бере алмаған автокөлік істен шығады. 2021 жылғы 9 қаңтарда сағат 07.30 шамасында мен Достық ауылынан Чернорецк ауылына қарай өз әкімшілік учаскемді аралауға шықтым. «Омбы-Майқапшағай» автожолында «Ниссан» автокөлігін байқадым. Павлодар қаласының екі тұрғыны Тереңкөл ауданына қонаққа бара жатқан, бірақ жолда көлік бұзылып, жүргізуші ақаудың себебін анықтай алмаған. Жел мен қатты аяз салонды лезде суытып жіберген, – деді Павлодар ауданының учаскелік полиция инспекторы Дәурен Қабышев.

– 9 қаңтар күні таңертең біз Тереңкөл ауданындағы ауылға бара жатқанда Чернорецк ауылына жетпей көлігіміз бұзылып, тоқтады да қалды. Біраз уақыт тұрғаннан соң тоңа бастадық. Көлікті өз күшімізбен жөндеп аламыз ба деп ойладық, бірақ аяз болғандықтан қолымыздан келмеді . Тас жолда көліктер жүре қоймады, ал жүргендер тоқтамады. Шамамен бір сағаттан кейін, тоңып, еш нәрсе істей алмайтынымызды түсінген кезде аяқ астынан полиция қызметкері келе қалды. Учаскелік полицей Дәурен Кабышев автокөлікті тіркеп алып, сүйреп әкету туралы шешім қабылдады және Чернорецк ауылына дейін сүйреді, өйткені ол жерде ақауды өз күшімізбен жөндеу мүмкіндігі болмады. Ол көлікті өз ауылында қалдырды, ал бізді жол бойына апарып, әрі қарай баратын жерімізге отырғызып жіберді. Демалыстан кейін біз туыстарымызбен келіп, көлікті алдық. Бізге көмектескені үшін Дәуренге ризамын және барлық полицейлерге денсаулық пен сәттілік тілеймін! – деді облыс тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру