Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас азаматша бөтен біреудің пәтеріне баса-көктеп кірмекші болған

Павлодар облысында мас күйінде бейтаныс адамдардың пәтеріне баса-көктеп кірмекші болған мас азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қаңтарда Павлодар қаласының полиция бөліміне Камзин көшесінде орналасқан 92-үйдің тұрғындары хабарласып, пәтерлерінің есігін белгісіз бір әйелдің қағып, баса-көктеп кірмекші болып тұрғанына шағымданды.

Аталған мекенжайға келген полицейлер әйелдің мас екенін анықтады.  Мас әйел қонақтан қайтып келе жатып, қатты тоңып қалғанын және бөтен біреудің пәтерінің есігін қағып, ішкі жылыну үшін кірмек болғанын айтты.

Азаматша уақытша бейімдеу және детоксикациялау  орталығына (медициналық айықтырғыш) жеткізілді. Сондай-ақ құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік өндіріс  қозғалды.

Сол күні сағат 22.35-те “102” операторларына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде бір топ жас жігіттердің спирттік ішімдіктер ішіп жатқаны туралы қоңырау келіп  түсті. Аталған мекенжайға келген полицейлер олардың барлығын ұстады және аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)  бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас болған 8000-ға жуық құқық бұзушы анықталған. 

Сонымен бірге полиция қызметкерлері қоғамдық жерде мас болу – бұл әдеп нормалары мен қоғамдық тәртіпті бұзу екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру