Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Лицензиясыз алкоголь сатқан ауыл тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысының полицейлері алкоголь өнімдерін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған ауыл тұрғынын жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері этил спиртінің көлемдік үлесі 30%-дан асатын алкоголь өнімдерін сағат 21:00-ден келесі күні сағат 12:00-ге дейін сатпау туралы шектеулерді бұзғаны үшін дүкен иесіне қатысты әкімшілік өндіріс қозғады.

– Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары Успен ауданы ауылдарының бірінде орналасқан дүкенде өз үйінен “Посольская” арағын сату фактісін анықтады. 75 жастағы зейнеткер 61 жастағы ауыл тұрғынына алкоголь сатқан. Тексеру барысында “сатушыда” алкогольдік ішімдіктерді сатуға лицензия жоқ екені анықталды. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберу үшін дайындалуда, – деді Успен ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы Қуандық Шахманов.

Жыл басынан бастап Павлодар облысында кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін бір құқық бұзушы, 2020 жылы 135 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кетейік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру