Үйдің ауласынан скутер ұрлаған жігітке қатысты іс қозғалды
Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері екі ай бұрын ұрланған скутерді иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 шілде күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің көп қабатты үйдің ауласынан скутерін ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.20 қыркүйек күні полиция қызметкерлерімен жедел жұмыстардың нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Күдіктіден ұрланған скутер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Арада екі ай өткендіктен скутерінің табылатына жәбірленуші сенімсіз болған. Сондықтанда бағалы затын тауып берген полицейлерге ол өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.