Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық саяжайдан ұрлаған заттарын темір алатын жерге өткізіп жіберген

Балқаш қаласының полицейлері аяқ киім ізінің көмегімен саяжайлардан ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының басында Қарағанды облысы Балқаш қаласының саяжайларында бірнеше ұрлық фактілері орын ала бастады. Белгісіз біреу саяжай иелерінің өздерінің учаскелерінде болмауын пайдаланып, су ысытатын самаурын мен құбыр вентильдерін ұрлаған.

Мәселен, қыркүйек айының 1 мен 6 аралығында қаскөй самаурын мен вентиль ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 68 мың теңгені құраған.

12 қыркүйек күні құны 18 мың теңге тұратын вентиль ұрланған. Осы себептен саяжай иесі өнімдерін суара алмаған.

19 қыркүйек күні ұры басқа саяжайдан құны 25 мың теңге тұратын самаурын ұрлаған. Осы ұрлық барысында оқиға орынында саз болғандықтан оның аяқ киімінің ізі қалған. Осы із арқылы полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық фактісін жасады деген күдікпен 20 жастағы азаматты қолға түсірді. Тергеу барысында ол үш ұрлық фактісін жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған заттарды темір алатын жерге өткізгендігін айтты.

Қазіргі уақытта бұл фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру