Үйдің ауласында сора өсірген қызылордалық ұсталды
Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары қала орталығының тұрғынының үйін тексеру кезінде ауласында және гаражында есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйм салынған, күтіп-бапталған өсімдіктерін анықтады. Оның ауласынан 29 түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдіктер анықталды.
Жүргізілген сапартама нәтижесінде 29 түп өсімдік «сора» екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті ретінде танылған күдіктіге қатысты бас шарасын шешу бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.