Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлері 52 жалған хабарландыруды анықтады

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернетте алаяқтарды анықтау жолдарын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін түрі интернет арқылы тауар мен қызметтерді сату кезінде алдын ала төлемді талап ету болып табылады. Қылмыскерлер белгілі хабарландыру сайттарында құрығына түсіретін адамдарды іздейді, алдын ала төлемді қолға түсіргеннен кейін байланысқа шықпай қояды. Алаяқтар барлық веб-ресурстарды пайдалана алады, мәселен, Instagram-дағы арнайы топтар, Kрыша.kz және Kolesa.kz сайттары. Көп жағдайда жалған хабарландырулар OLХ.kz сайтында кездеседі. Тәртіп сақшыларымен келісе отыра, аталған сайттың әкімшілігі әрбір хабарландыруға интернет-алаяқтардың қаупі туралы автоматты түрде хабарламаны жолдап отырады. Полицейлер БАҚ-та және әлеуметтік желілерде адамдарды жиі кездесетін алдау жолдары туралы ескерте отыра, түсіндіру жұмысын жүргізеді. Алдын алудың тағы бір тәсілі – хабарландыруларды тексеру.

– Алаяқтықтың бір белгісі – тек WhatsApp мессенджері арқылы сөйлесу туралы шарт қою, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин. – Әдетте киберқылмыскерлер осылай хат алмасады, бұндай хабарландыруларға бірден назар аударамыз. Басты белгі – қаскөйлер бейне қоңыраудан бас тартады. Олар өздерінің бетін көрсетуге қорқады. Бұдан бөлек, сататын тауарды көрсетуді талап етуге болады. Бас тартқан жағдайда, біз сайттың әкімшілігіне жүгінеміз. Қосымша тексерістен кейін әкімгерлер жалған хабарландыруды бұғаттайды. Осылайша жыл басынан алаяқтардың 52 хабарландыруы бұғатталды. Интернетте қаржымен байланысты операцияларды жүзеге асырған кезде аса сақ болуларыңызды сұраймыз: алдын ала төлемді талап етіп, қосымша бейне шолу жасаудан бас тартса, көп жағдайда бұл интернет-алаяқ болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру