Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының жолдарында 700-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

Павлодар облысының жолдарында 700-ге жуық мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, биыл өңірдің 700-ге жуық тұрғыны мас күйінде көлік жүргізген.

Мысалы, 7 шілдеде сағат 05:40 шамасында Ткачев көшесінің ауласында полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші есірткі пайдаланғаны анықталды, оны медициналық куәландыру растады. Жүргізушіге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады, көлік айыппұл тұрағына қойылда, материал сотқа жіберілді.

Осыған ұқсас жағдай 6 шілде күні сағат 00:40-та Бұқар Жырау көшесінде орын алған, мұнда полицейлер мас күйінде болған автокөлік жүргізушісін анықтаған. Ол жүргізуші ҚР ӘҚБтК 608-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру