Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық жауынгерлер түтіндеген үйден тұрғындарды алып шықты

Елордада ұландық жауынгерлер түтіндеген үйден тұрғындарды алып шықты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

28 ақпан күні сағат кешкі 21.25 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке түскен 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы Ы. Дүкенұлы көшесіндегі үйлердің бірінен қою түтінді байқайды.

Патрульдік топ бастығы сержант Бақдәулет Есімқұлов патрульші қатардағы  Михаил Малютинмен бірге, оқиға орнына тез арада жетеді. Анықтай келе тұрғын үйдің жертөлесінен алапат өрт шығып, қою түтін үйдің барлық қабатына көтерілгені белгілі болды. Айналадағы кезекші жасақтарға ақпарат таратқан ұландықтар уақыт жоғалтпай, бірден тұрғындарды сыртқа шығара бастайды. Олардыңкөмегімен 10-нан аса тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

Патрульдік топ бастығы «Орион» пәтер иелері кооперативінің төрағасы М. Шаповаловаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Аты аталған азаматша және басқа да тұрғындар қызметін адал әрі батыл орындаған ұландықтарға алғыстарын білдірді. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен ауздықталды. Жапа шеккендер жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру