Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтардың жедел әрекеті: Семейде жоғалған бала табылды

Семейде ұландықтар жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы штаттық режимде қызмет атқарды. Сағат 18:50 шамасында Герцен көшесінде әскери жасақ бастығы қатардағы Елжас Жұмабекұлы мен патрульшілер жол жиегінде ересектерсіз тұрған жеті жасар баланы байқады.

Әскери қызметшілер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ жеке деректері мен ата-анасының орналасқан жерін анықтауға тырысты. Алайда бала қажетті ақпаратты бере алмады. Мән-жайды толық анықтау үшін бала учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, сақшылар оның ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар келгенге дейін ұландықтар баланы тыныштандырып, көңілін аулаған.

Аз уақыт ішінде жақындары анықталып, бала аман-есен ата-анасына табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру