Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтарға Бас қолбасшының жаңа орынбасары таныстырылды

Қайрат Үмбетов Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамына жаңа орынбасарды Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов таныстырды.

– Қайрат Жарылқасынұлын баршаңыз жақсы танисыздар. Ол взвод командирінен бастап әскери бөлім командиріне дейін қызметтік жолды өтті. Бас қолбасшылықта бірқатар басшылық қызметтерді атқарды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымынан құқықтық тәртіп әскерінің бас тәрбиешісі болып тағайындалды. Өздеріңіз білесіздер, полковник 2016 жылы ерлік көрсетіп, «Халық Қаһарманы» атағын иеленді. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалған Қайрат Жарылқасынұлына жастар арасында Мемлекет басшысы алдымызға еліміздің қорғаныс қабілеттігі мен қазақстандық патриотизм туралы қойған тапсырмалары мен идеяларын кеңінен таратып, насихаттайды деген үлкен сенім артып отыр, – деді Еркін Ботақанов.

Қайрат Үмбетов Ішкі істер министрі мен әскер басшылығына өзіне көрсеткен сенімдері үшін алғысын білдіріп, сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеруге  барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру