Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған полиция қызметкері
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – әр азаматтың парызы. Бұл бағытта Ақтөбе облысы ПД Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкері Ботагөз Кишкентаева ұлттық дәстүрді дәріптеп жүрген жандардың бірі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын ол 2014 жылы тергеуші қызметінен бастаған. Бүгінде Ырғыз ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы ретінде өз міндетін жауапкершілікпен атқарып келеді. Қызметтегі тәжірибесі мен кәсібилігі әріптестері арасында жоғары бағаланады.

Сонымен қатар Ботагөз Кишкентаева – көпбалалы ана. Жолдасы Нұрбақытпен бірге үш ұл тәрбиелеп отыр. Қызметімен қатар, оның ұлттық өнерге деген ерекше ықыласы бар. Бос уақытында тігіншілікпен айналысып, қазақы нақыштағы киімдер тігеді. Осы арқылы ол салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық мұраны дәріптеуге өз үлесін қосып жүр.
