Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Погон таққан арудың кәсіби жолы

Тәртіп сақшысы Айым Кенжебекова полиция саласында кәсібилігімен, табандылығымен үлгі болып жүрген қызметкерлердің бірі. Оның жетістіктері жас қызметкерлерге нағыз шабыт, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция саласында қызмет ету – үлкен жауапкершілікті, табандылықты талап етеді. Сол қызметті адалдықпен, кәсібилікпен атқаратындардың қатарында Айым Кенжебекова да бар. Ол – өңірлік полициядағы өз ісіне берік, рухани мықты және жауапкершілігі жоғары қызметкерлердің бірі.

Спортшы полицейді әріптестері ерекше құрметтейді. Қызметіне деген жауапкершілігін айрықша атап өтті.

– Айым – біздің мақтанышымыз. Ол полиция саласында стереотиптерге орын жоқ екенін көрсетті. Мұнда бастысы – мінез, табандылық және нақты нәтиже, – дейді олар.

Айым өз жетістіктері арқылы жас қызметкерлерге ерлермен тең дәрежеде еңбектене отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және лайықты марапат алуға болатынын көрсетті. Оның кәсіби жолы – тек жеке табыс емес, сонымен қатар жаңа буын қызметкерлер үшін күшті шабыт көзі.

Айымның өмір жолы – қоғамға қызмет етудегі шынайы күштің, адалдық пен табандылықтың, күнделікті өзін-өзі жетілдірудің айқын үлгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру