Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары ІІМ үздік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпазы атанды
Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары ІІМ үздік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомствоның жоғары оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік ғылыми жұмысқа конкурс өткізді.
Байқауға Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары Дастан Тұңғышбаев, Бақберген Мұхамедов, Әли Махамадалиев, Серікбол Оңдасын, Асау Тілағанов және Ерсін Серікбек қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша курсанттар Дастан Тұңғышбаев пен Бақберген Мұхамедовтың «Киберқалқан – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының киберқауіпсіздік негізі (оқу-тәрбие үрдісіне киберқалқан элементтерін енгізу)» тақырыбындағы ғылыми жұмысы бірінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшілері – жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Бақыт Қалиев пен тактика және жалпы әскери пәндер кафедрасының аға оқытушысы Абай Алдабергенов.
Сондай-ақ Академияның курсанттары Әли Махамадалиев пен Серікбол Оңдасынның «№1а, №1б қорғаныстың РХБ бойынша нормативтерді орындауды оқыту ұсынымдары» тақырыбындағы ғылыми жұмысы жүлделі үшінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – тактика және жалпы әскери пәндер кафедрасының оқытушысы Айдос Жамалбеков.
Байқау жеңімпаздары ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.