Ұлттық ұланның 36 учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беру өтіп жатыр
Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беруге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де қатысуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Дауыс беруді өткізу мақсатында әскери бөлімдердің аумағында 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұл ұландықтарға қызмет өткеру орны бойынша дауыс беруге мүмкіндік берді.
Сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков дауыс берді. Ол таңғы сағат 06:00-де елордалық 5573 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №266 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Дауыс беруге офицерлер, келісімшарт және мерзімді әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Ұлттық ұлан ардагерлері қатысуда. Көптеген жас сарбаз сайлауда алғаш рет дауыс берді.

Ұлттық ұланның жеке құрамы сайлауға қатысумен қатар, өзіне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін де орындауды жалғастыруда. сайлау күні және дауыс беру аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылады.
