Ұлытау облысында бір күнде ЖКЕ бұзудың 86 фактісі тіркелді
Ұлытау облысында бір күнде ЖКЕ бұзудың 86 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 20-24 ақпан аралығында Ұлытау облысының аумағында «Қауіпсіз жол» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл іс-шараның басты мақсаты жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру; жол-көлік оқиғаларының санын азайту; жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу;
Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың 86 фактісі анықталды. Олардың басым бөлігі жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін орындамауына қатысты. Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 16 азаматқа айыппұл салынды, 19 адамда қауіпсіздік белдіктері болмауы, 10 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны, 6 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша үш жүргізушісі ұсталды.
Өзге де құқық бұзушылықтардың ішінде техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті басқару, маневр жасау, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүру, авариялық жағдай жасау тіркелген.
Теміржол өткелінің ережелерін бұзғаны үшін бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өзімен бірге жүргізуші куәлігі жоқ жолға шыққандардың арасында 4 адам болды. Полиция қызметкерлері 3 көлікті арнайы тұраққа қамауға алды.
Рейд барысында жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін жүргізіліп жатқан ЖПІШ шеңберінде.бір адам жауапкершілікке тартылды.