Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның тұрғындармен кері байланысы үшін “Сәтбаев – көршілер бақылауы” Telegram чаты іске қосылды

Полицияның тұрғындармен кері байланысы үшін “Сәтбаев – көршілер бақылауы” Telegram чаты іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізгі мақсаты – қылмыстың алдын алу, тәртіп бұзушыларды жауапқа тарту, сондай-ақ Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің және облыстық полиция департаментімен жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы уақытылы хабарлау.

Учаскелік полиция, жол полициясы, кәмелетке толмағандар істері, көші-қон полициясының жұмысында азаматтардың тікелей көмегі арқылы қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Чат тәулік бойы азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігін қарастырады.

Сұрақтың санатына және күрделілігіне қарай полиция қызметкерлері сауал қойылған сәттен бастап 24 сағат ішінде жауап береді.

– Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық туралы көптеген хабарламалар түсіп жатыр. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-тің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша жыл басынан бері 30 хаттама толтырылды. Бұл жерде қаладағы жаяу жүргінші белгілері, жол ережесін бұзған жүргізушілер, тыныштық бұзған көршілер бойынша хабарламаларға уақыты ден қойылып, жауап жазылады. Мысал ретінде, бүгін 24 ақпан күні осы Telegram-каналға Сәтбаев қаласының көшелерінде көліктің кедергі келтіргені туралы хабарлама түсті. Жергілікті тұрғынның жіберген осы хабарламасы бойынша полиция қызметкерлері мекен жайға барып, ҚР ӘҚБтК-тің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша көлік иесіне хаттама толтырды, – дейді Сәтбаев қаласының ПБ взвод командирі Қанағат Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру