Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының ПД ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген аруларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Ұлытау облысының ПД көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік маңызды қызметтер саласында ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүрген аруларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.


Салтанатты іс-шараның ашылуы ПД бастығы Қайыркен Әлиевтің құттықтау сөзінен бастау алып, полиция қызметкерлерінің көпбалалы аналары “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері: Гүлбадам Жантасова, Мария Мамажанова, Бейсенкүл Досмағамбетова, Сарсенкүл Сарсекова, Глара Сұлтанова, Татьяна Айкенова, Роза Таттекенова, Батимаш Маутанова, Тұрсын Сейтеновалар сахна төріне шақырылып құрмет көрсетіп, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар полиция жолында аянбай еңбек етіп, ішкі істер органдарының ардагерлері Балгүл Ахметова, Зәуре Жамбаева, Санида Мукажанова, Санида Мукажанова, Калила Тулегенова, Хамарамену Жапароваларды марапаттауымен жалғасты.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің және полиция департаменті бастығының жеке құрам бойынша бұйрығымен “Мінсіз қызметі үшін” III дәрежелі медалімен Асем Баймуратова, Айнұр Тасыбаева, Гүлнұр Жуанышбаева полиция жолында аянбай еңбек етіп, сонымен қатар қызметтік міндетін адал атқарған жоғары жетістіктерімен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Меруерт Тухинова, IIM құрмет грамотасымен Гаухар Жүнісова, Ақерке Мұсылманбекова, ІІМ алғыс хатымен Эльмира Аубакирова марапатталып, Мадина Құрманаеваға алғыс жарияланды.

Кеш барысында полиция қызметкерлері арасында фото-конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды.

“Ұлытау облысының полиция аруы” байқауының жеңімпазы Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкері – Аяулым Төлеген атанды.


Марапат соңы эстрада жұлдыздары “Бақай” тобы әндерімен шашу шашып, еліміздің жұлдыздарының құттықтауымен жалғасын тапты.

Қарағанды облысының Б.Бейсенов атындағы тыңдаушылар өз өнерлерін көрсетіп, “Бақай”тобымен бірге көрермендер арасында лоторея ойыны ойнатылып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс- шарада полиция қызметкерлерінен құралған “Ұлытау АРТ” тобының тұсаукесер әні “Ұлытау сақшыларымен” аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру