Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер 8 наурыз мерекесіне орай спартакиада өткізді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады.

Астана қаласы полиция департаментінің “Қуат” спорт кешенінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған спартакиада өткізілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қатысып, нәзік жанды офицерлерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Тәртіп сақшылары 9мм-МТ ату және волейбол ойынында бақ сынасты. Чемпионатқа жедел-тергеу бөліністері, әкімшілік блоктың, арнайы мекемелер мен кинологиялық қызметтің бөліністері, бақылау және қамтамасыз ету бөліністері, сондай-ақ, аудандық басқармалар, ЖҚАЖ АМБ және патрульдік полиция полкі қатысты.


Волейбол қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: Алматы ауданы ПБ бірінші орында, ЖҚАЖ АМБ екінші орында және Байқоңыр ауданы ПБ үшінші орында. Үздік ойыншы деп Байқоңыр ауданы ПБ КСБ инспекторы Шырын Болатжанқызы танылды. Үздік шабуылшы Алматы ауданы ПБ аға анықтаушысы Назгүл Шолатаева, ал үздік қорғаушы – ЖҚАЖ АМБ инспекторы Алина Амантаева атанды.
Келесі жарыстың нәтижелері бойынша – 9мм-МТ ату бойынша командалық есепте ПД ЖҚАЖ АМБ бірінші орында, екінші орында патрульдік полиция полкі және үшінші орында Есіл ауданының ПБ.


Жеке есепте бірінші орынды ЖҚАЖ АМБ взводының командирі Айнагүл Байжігітова, екінші орынды – Есіл ауданы ПБ ЖКБ бастығы Олеся Кузьменко және үшінші орынды – Сарыарқа АПБ АБ аға анықтаушысы Ботагөз Ықыласова иеленді.  

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді: бірінші орында ЖҚАЖ, екінші орында – Алматы ауданының ПБ және үшінші орында патрульдік полиция полкі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру