Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев тұрғындарын алдаған алаяқ құрықталды

Сәтбаев тұрғындарын алдаған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпан күні Сәтбаев қаласының кезекші бөліміне қала тұрғындарынан алдаған алаяқтың әрекеті туралы бірнеше өтініштер келіп түскен.

Алаяқтың ұйымдастыруымен бірінші эпизод 2022 жылдың 9 желтоқсанында болған. Банк қосымшасы арқылы несиені қайтаруға көмектесемін деген желеумен сенімін пайдаланып, Сәтбаев қаласының тұрғынының ақшасын иемденіп алған. Дәл сол күні Сәтбаев қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне өткен жылдың желтоқсан айында зардап шеккен 35 және 54 жастағы екі азамат арызданған.

Бұл жәбірленушілер де бір адамның алаяқтық әрекетіне алданған. Осы фактілер бойынша криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сәтбаев қаласының тұрғынын ұстады. Ұсталған әйел қылмысын толық мойындап, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру