Ұлытау облысында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде
Ұлытау облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның мақсаты – жол-көлік оқиғаларын, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтау.
Жыл басынан бері Жезқазған қаласында 20 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адамның өмірі қиылды, сондай-ақ 17 адам түрлі жарақат алған.
Іс-шара барысында профилактикалық мақсатта полицейлер жастардан құралған еріктілер тобымен бірлесіп, тұрғындарға жадынамалар мен буклеттер таратуда.