Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Ұлытау облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 ақпаны мен 10 наурызы аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Ұлытау облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Жедел алдын алу шарасының басты мақсаты – өңірдегі жедел жағдайды бақылау, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөледі.

Рейдтік іс-шара шеңберінде елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынатын адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтайтын немесе тасымалдайтын адамдарды тексеру және ұстау және т.б. бойынша жұмыс көзделген.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері екі күн ішінде полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 400-ден астам есептік адамды тексерді, кәмелетке толмағандардың түнде үйден тыс жерде болуының 17 фактісін анықтады. Барлығы полицейлер 300-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады. Олардың ішінде: 19 факті қоғамдық жерде мас күйінде болуы, мас күйінде автокөлікті басқарудың 3 фактісі анықталды.

Полицейлер азаматтардан осы профилактикалық іс-шараға түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше тәртіп сақшыларына жәрдем көрсетуді сұрайды. Сіз куә болған қандай да бір құқық бұзушылықтар анықталған кезде «102» арнасына хабарлауға немесе «Жезқазған. Көршілер бақылау» жеделхат-ботына хабарлама жіберуге болады.

– Біз Ұлытау облысында азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы еткіміз келеді, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру