Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалығынан 29 жылқыны ұрлаған күдіктілерді ұстады
Ұлытау облысының полицейлері шаруа қожалығынан 29 жылқы ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 шілдеде Ұлытау облысы ПД Жаңаарқа полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның шаруа қожалықтарының бірінің қызметкерінен белгісіз тұлғалардың 29 жылқыны ұрлағаны туралы арыз келіп түсті.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар жылқыларды тасымалдау үшін тіркемесі бар жүк көлігін пайдаланған.
Жамбыл және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасағанын мойындаған 26 және 28 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Түркістан облысы Қазығұрт ауданының елді мекендерінің бірінен ұрланған 7 жылқы мен автокөлік тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Жезқазған қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Оларға қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.