Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті

Шығыс Қазақстан облыстық ҚАЖД-ға қарасты №16 мекемесінде кезекті рет “Қақпа алдындағы кездесу” іс-шарасы өтіп, екі ер адам мекемеден босап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұндай шара түрлері осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Іс-шара барысында бостандыққа шыққандар бас бостандығынан айыру орындарында болғандарына қарамастан уақытты бос жібермей жұмыс жасап, еңбек етіп, сот үкімімен белгіленген қарыздарын өтегендерін және бұл түзету мекемесіндегі өткен уақыт, олар үшін ащы тәжірибе болғанын айтты.

Сонымен қатар болашақтағы еркін өмірге бейімделу шарасы барысында, Өскемен қалалық мансап орталығының қызметкерлері бұл азаматтар мен олардың туыстарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті. Босап шыққаннан кейін орталыққа жүгіну тәртібін, қызмет түрлері, қажетті құжаттар тізімі, орталықтың мекенжайы, жұмысқа орналасуға көмек алу, әлеуметтік қолдау түрлері және т.б. жайлы түсіндіріп өтті.

– Колонияда жасаған қылмысым үшін жазамды өтеп отырғанда, көп нәрсені түсіндім және қорытынды жасадым. Мұнда төрт жыл бойы өткізген уақытта қолөнер құралдарын шебер қолдануды үйрендім. Бұрын ағаштан түрлі қажетті заттарды шебер жасай алатынымды елестете де алмайтынмын, ағаш өңдеудің де қыр-сырын меңгеріп алдым. Төрт жылда ағаштан бірнеше ондаған астау, ас үй ыдыстарын жасадым. Сондықтан маған болашақта жұмыс таб уоңай болады деп ойлаймын, – деді Максим (есімі өзгертілді).

– Мен бүгін анамды көргенде көз жасымды жасыра алмадым. Ер адамдар үшін әдетте оғаш көрінсе де еріксіз жылап алдым. Дегенмен, анамның көзі мен күлкісі… Сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Мен анамның махаббаты қаншалықты шексіз екенін түсіндім.., – дейді Максим (есімі өзгертілді).

”Жақсы сөз – жарым ырыс” демекші, –мекеменің тәрбие бөлімінің бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Жақсылық Жұмабекұлы бұл азаматтардың қорытынды жасап, алға мақсат қойғанындары қуантады деп, олардың жаңа өмірлеріне сәттілік тілеп, ақ тілегін айтып, құқықбұзушылықтың жақсылыққа апармайтыны туралы тағы айтып кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру