Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталған азамат Ұлы Абайдың портретін салды

Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында, Ұлы ойшылдың портретін салып, баршаға белгілі өлеңін оқып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК 16 мекемесінде аса ауыр қылмысы үшін жиырма жылға бас бостандығынан айырылған азамат жазасын өтеп жатыр.

Өзінің айтуынша, шығармашылықпен бала кезінен бастап айналысқан, бейнелеу, сурет салғанды ​​жақсы көреді. Еркіндіктен айырылған сәттің алғашқы күндерінен-ақ қалайда болса өзінің көңілін аулау үшін, ойына келгеннің бәрін бейнелеп, суретін сала бастаған.

Енді менің есімнен Абай Құнанбаевтың атақты өлеңіндегі сөздер кетер емес, өмірден белгілі бір өмірлік тәжірибе алып, оны өз ой-өрісімнен өткізе отырып, бұл сөздердің қаншалықты даналықпен айтылғанын енді ғана түсінгендеймін.Әсіресе, жастарға мына сөздерге құлақ асуына кеңес берер едім:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап…

Енді міне, Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында оның портретін салуды жөн көрдім. Портретті салуға бір жарым сағатымды арнадым және бұл үшін қарапайым қарындаш ғана керек болды, – деді сотталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, суретші шығармашылық іс барысында Абай Құнанбаевтың жылы көзқарасы мен қайсарлығын анық, ерекше көрсете білген.

Мекеме психологы Чинара Ибраева сурет салу, бейнелеу өнері сотталғандардың жеке тұлғасын, шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар ҚР ІІМ ҚАЖК №18 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тағы бір сотталушыда, ақын-ағартушы Абай Қунанбаев шығармашылығының жанкүйері екенін айтты.

Қазақ жазушысының шығармашылығының табынушысы оның 45 қара сөзін жатқа біледі.

– Қара сөздер – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысының шығармашылығының 45 шағын, нақыл және философиялық трактаттардан тұратын ірге тасы.  Олар ұлттық тәрбие мен дүниетаным, имандылық пен құқық, қазақтың тарихы іспеттес мәселелерді көтереді, – дейді сотталған Мұрат (есімі өзгертілген).

Жазасын өтеуші ақынның бүгінгі күні де өзекті жойылмаған қара сөздің бірін оқып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру