Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есептегі сотталғандар “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына үлес қосты

Ақтөбе облысында есептегі сотталғандар “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына үлес қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Санаулы күндерден соң, еліміздегі жаңа оқу жылы басталады. Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар “Мектепке жол” дәстүрлі қайырымдылық науқанына үлес қосып, әлеуметтік аз қамтылған төрт отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын тарту етті.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.

– Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі қуаныш қайырымдылық акциясына қатысқан пробация есебінде тұрған сотталғандарға да жақсы мотивация сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді. Жалпы, мұндай қайырымдылық іс-шараларына есепте тұрған сотталғандарды қатыстыру – оларды тәрбиелеп, ізгі жолға түсулеріне көп көмегін тигізеді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру