Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елдің шығысындағы колонияда үй-құстары өсіріле бастады.

Елдің шығысындағы колонияда үй-құстары өсіріле бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД №17 түзету мекемесінің өнеркәсіп аймағында  инкубаторлық жабдық сатып алынып, іске қосылды.

2023 жылы мекеме аумағында тауық жұмыртқаларын өндіруге арналған өндірістік алаң ашылды, бұл әлеуметтік өнім шығаруға және оны Өскемен қаласы мен облыс  аймақтарының сөрелеріне сатуға мүмкіндік бар.

Жұмыстың нәтижесі алғашқы тауық жұмыртқасының шығарылымы болды.

Бұрын мекеме әкімшілігімен келісім шарт жасасқан кәсіпкерлердің бірі бройлер балапан, тауықтарды өсіруге шешім қабылдады, ал шағын бизнестің жұмысшылары сол мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар болды.

Осы айда тауық жұмыртқаларын өндіруге арналған өндірістік алаң бірнеше жүз мың жұмыртқаны сатуға мүмкіндік берді.

– Жақында, колонияның өндірістік аймағында 1 мыңға дейін бройлер балапан тауықтарды орналастыруға қабілетті құс өсіру учаскесі жасалынды. Оларды өсіріп және тамақтандыру үшін Ресейдің Барнаул қаласынан арнайы жабдықтар мекеме аумағына жеткізілді. Бұл жабдықтар бөлмедегі қажетті температураны және қолайлы микроклиматты сақтауға көмектеседі. Бүгінгі таңда  жұмыртқалайтын 1000 тауық бар, біз 2 мыңға дейін көбейтуді жоспарлаймыз.

Сондай-ақ жаңа жұмыс орнында 15 сотталған жұмыс істейді. Жұмысқа орналастырар кезде сотталғандардың осы қызмет саласындағы тәжірибесі ескерілді. Олар балапан-тауықтарды күтіп және оларды орналастырылған ортаның тазалығын қарап бақылайды. Жұмыртқалайтын тауықтар 2 апта уақыт ішінде ғана 2500-ден астам жұмыртқа салды, – деп айтты ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №17 мекеме бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаев.

Колонияның басшылығы мекеменің өндірістік аймағында сотталғандардың жұмыс істеу барысындағы игерген жаңа  дағдылары, оларға босап шыққаннан кейін де қажет болатынына көмегі тиеді деп санайды.

Сондай-ақ мекеменің аумағындағы өндірістік үй-жайларды жалға алатын тағы бір кәсіпкер қияр өсіреді. Биылғы жылдың алғашқы дақылы осы айдың соңында күтіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру