Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда түзеу мекемесінде “Қысқы спартакиада – 2023” спорттық шарасы өтті

Таразда түзеу мекемесінде “Қысқы спартакиада – 2023” спорттық шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында “Қысқы спартакиада – 2023” спорттық шарасы өтті. Мекеме бастығы Нұржан Кузембаевтың тікелей бастамасымен ұйымдастырылған жарыс барысында жазасын өтеушілер қол күресі, арқан тарту, дойбы, кермеге тартылу мен шағын футбол сынды спорттың бірнеше түрінен өзара сынға түсті.

– Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Бүгінгі шара аясында жазасын өтеуші азаматтар өздерін сергек сезініп, көтеріңкі күймен аяқтады, – деді Нұржан Қайратұлы.

Сонымен қатар шара соңында жарысқа белсенді қатысқан сотталған азаматтарға мекеме басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру