Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткі өткізуші құрықталды

Шымкентте есірткі өткізуші құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 48 жастағы кезекті есірткі өткізушіні ұстады.

“Жедел сатып алу” әдісімен оның есірткі өткізумен айналысқаны нақтыланып, тиісті дәлелдеме алынды.

Сондай-ақ жергілікті тұрғынның мекенжайын тексеру нәтижесінде жатын бөлмесінен есірткіге ұқсас заттар салынған 9 дана сіріңке қорабы тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат кептірілген марихуана екендігі расталып, жалпы салмағы 37 грамды құрады.

Бүгінде аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру