Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 100-ге жуық пробация есебінде тұрған азамат бас бостандығынан айырылды

ШҚО-да 100-ге жуық пробация есебінде тұрған азамат бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 1400-ге жуық сотталғандардың тарапынан көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Нәтижесінде бүгін күні 100-ге жуық есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Сот шешімі негізінде сот залынан қамауға алынып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

– Бұл адамдарға бұрын қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескерткен. Алайда, ескертулерге қарамастан, есепте тұрғандар жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырған. Қызметкерлер пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды, – деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Каим Ожиканов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыстың пробация қызметтерінде 1000 аса тұлға есепте тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру