Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған малды сатпақ болған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері қошқар ұрлап, оны сойып сатпақ болған күдіктілерді қылмыс орнында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша түнгі сағат 01:00 шамасында қорасынан бір бас қошқарын белгісіз біреулер жасырын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 000 теңгені құрады. Аталған жайт Созақ АПБ-не тіркеуге алынды. Хабарлама ала салысымен аудандық полицейлер шұғыл әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Қажетті шараларды жүргізді. Содан көрген-білгендерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият іздестіру жұмыстарын жасады. Соның нәтижесінде бір сағат ішінде полицейлер ақпарат көздері арқылы қылмыстың ізін суытпай ашты.

Күдіктінің жеке-басын анықтап, оның үйін тінту кезінде қан іздері бар жіп, қапқа салынған жаңа сойылған етті тауып, айғақты зат ретінде алды. Тергеу барысында анықталғандай күдікті екі сыныптас жігіт алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің малын өздерінің көліктерімен ұрлап, сойып сатпақ болған. Алайда, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары арқасында күдіктілер анықталып, етін сатып үлгермеген. Олар қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-1-бабы “Мал ұрлығы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мал-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Қора-жайларыңызды, аулаларыңызды мықтылап бекітіңіздер деп кеңес береді. Егер, мал ұрлығы орын алған жағдайда уақыт кетірмей, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру