Ұрлық фактісінің 50,5 % -ға төмендегені байқалады
Жыл басынан бері 187 ұрлық фактісі тіркелген.
Зиянкестер өз әрекеттерін жасау үшін көптеген тәсілдерді пайдаланады.Жеке басын ұрлықтан қорғау үшін полиция қызметкерлері бірінші кезекте әлеуметтік желілерде өзі туралы жеке мәліметтерді көрсетпеуге, өздерінің табысы мен күнделікті өмірін тіпті жақын таныстарына айтпауға кеңес береді. Сақтық жұмыстарын жүргізіп: есіктерге, құлыптарға сигнал беру жүйелерін орната отырып, қауіпсіздік шараларын қолдану керек. Қысқа уақытқа үйден шығып кетсеңіз де есікті құлыптап жүру қажет.
Ұрлықшылар өз қажеттілігіне жарамды заттарды қолды қылады.
Мысалы,облыс тұрғыны ауыл саябағындағы орындықтарды ұрлап,ауласына орналастырған. Ер адамға безендірілген бұл мүлік өте қатты ұнапты. Ал Екібастұз қаласында қала тұрғыны бірден үш кілемінен айырылып қалған. Кілемді қағу мақсатында далаға алып шыққан. Бір-екі минутқа тастап кетіп, қайтып келсе,кілемдері орнында болмады. Ал облыс орталығында металл есік ұрланған. Подъездің тұрғыны түнгі уақытта подъездің кіре берісінің есігін ұрлаған. Кейін оны металл қабылдау пунктіне тапсырып, ақшасын қажетіне жаратқан.Келесі ұрлық тіпті жаға ұстатады. Павлодарда ер адам ыңғайлы уақытты пайдаланып, дүкеннен халықтың қаражаты жиналған қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткен.
Аталған ұрлық фактілері бойынша күдіктілер құрықталды. Заңнама аясында барлық кінәлілер жазаланды.