Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 жыл бұрын болған кісі өлімі ашылды

Өскемен қаласы Полиция басқармасы криминалдық іздестіру бөлінісінің қызметкерлері 4 жылдан астам уақыт жасырынған қылмыскерді ұстау бойынша арнайы операция өткізді.

Аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласына іс сапарға барған. Тергеу барысында 2015 жылдың қазан айында Өскеменде 1972 жылы туылған әйелдің мәйіті табылғаны анықталды. Күш қолдану сипаты бар көптеген дене жарақаттары тексерілді.

Тәртіп сақшылары күдіктінің 48 жасар облыс орталығының тұрғыны екенін мәлімдеді. 2016 жылдың ақпан айының басында Өскемен қаласының №2 сотының тергеу судьясы күдіктіге қатысты “қамауға алу” бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Ер адам 4 жыл бойы сот төрелігінен жасырынған.Қаңтар айында қызметтік іссапарда Өскемен қаласы полиция басқармасының жедел қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының әріптестерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар трассасының Шанхай ауданында жылыжай кешенінде күдіктіні ұстады.

Айта кету керек, өткен жылдың 12 айы бойы криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 332 қылмыскерді ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру