Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

600-ден астам шетелдік азаматтар уақытша тұруға рұқсат алды

Солтүстік Қазақстан облысында  669 шетелдік азаматтар уақытша тұруға рұқсат алды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізінен, елімізде бір жылға дейін тұрақтағысы келетіндердің көбісі-ресейліктер. Көпшілігінің уақытша тұруға рұқсат алуға негізі – жұмысқа орналасу. 389 азамат көші-қон қызметіне еңбек келісім-шарттары мен жұмыс берушілерден өтініштерін көрсетті. Дәл осы растайтын құжаттар жұмысқа келген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат алу үшін қажет.

Ресей Федерациясынан 217 тұлға отбасымен қайта табысу мақсатында уақытша тұруға рұқсат алды. Солардың бірі ресейлік Александр Сиренко көші-қон қызметінің қызметкерлеріне жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.Оның әйелі мен баласы Мамлютка қаласында тұрады және Қазақстан азаматтары. Олардың үйленгеніне 7 жылдан асқан. 36 жастағы ер адам мүгедектер арбасына таңылған, сондықтан Отанына жиі барып-қайту оған қиынға соғады. Уақытша тұруға рұқсат алудан бас тартуға негіз жоқ, сондықтан Александр құжаттарын тез рәсімдеді.

«Көші-қон қызметіне құжаттарымды алу үшін өзім қиналып барғаным жоқ.Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйелім барса да жеткілікті екен.Ол мен үшін қуанарлық жайт.Полицейлердің барлығын түсіндіріп, маған көрсеткен көмектеріне ризамын.Ең бастысы, заңдағы жаңашылдық маған қосымша қиындық тудырмайды.Отбасымның қасында болатыным мені қуантады”, – дейді ресейлік азамат.

Сондай-ақ, 57 шетелдік азамат Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде оқуға байланысты уақытша тұруға рұқсат алды.

«Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда көші-қон заңнамасындағы өзгертулер өз күшіне енді. Енді жұмысқа, оқуға, емделуге, отбасылық бірлестікке, бизнес жүргізу мақсатында келген шетелдік азаматтар елде бір жылға дейін тұру құқығына ие болады.Уақытша тұруға рұқсат ала алады », – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы көші-қон қызметі полиция департаментінің бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі Ермек Нусурбаев. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанда визанысыз жүрген шетелдіктің республикамызда болу мерзімі – Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру