«Үш бөлмелі пәтер алып беремін»: шымкенттікті 3 млн теңгесіз қалдырған әйел ұсталды
«Үш бөлмелі пәтер алып беремін» деп шымкенттікті үш миллион теңгесіз қалдырған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші арызында әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңадан салынып жатқан үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін деп алаяқтық жолмен 3 076 000 теңге ақшасын алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі №50 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында алаяқ әйелді анықтап, тиісті басқармаға жеткізді. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.