Үздік өрт сөндіруші ардагер Василийдің еңбегі
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай еңбек және азаматтық қорғау ардагері Василий Хижнякты ТЖБ қызметкерлері мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Василий Хижняк 88 жасқа келсе де, дамыл таппайды, бақшасында жұмыс істеп, тұрмыстық жұмыстарын өзі атқарады, күніне екі-үш шақырым жүріп, жазғытұрымда балық аулау үшін 12 шақырым жерге велосипедпен барып келе алады. Өрт сөндіру бөлімін ешқашан ұмытқан емес, жас мамандарға кеңес айтып, көмек көрсетеді.
Василий Хижняк 1931 жылдың 7 қазанында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысын жас бала кезінде қарсы алған. Ауылда ересек ер адамдардын бәрін Отанды қорғауға соғысқа алып кеткендігін айтты. Соғыстың бірінші күндерінен бастап колхозда жұмыс істеген. 10 жасар балаға екі өгіз айдау сеніп тапсырылды, сол өгіздермен өзі шамалас балалармен бірге жер жыртты, егін септі, тыңайту жұмыстарын жүргізді және сол үшін бір жұмыс күндік ақы ретінде 200 граммға жуық бидай дәнін алған екен, әрине, ол жайлы қазір ойлау да қорқынышты. 1943 жылдан бастап оған аса сенімге
іліккені үшін комбайндер астынан астық тасуды сеніп тапсырған екен. Жұмыс таңнан басталып, түннің жарымына дейін жалғасқан, үйге бармай, далада шөпте ұйықтаған. Аяқ киім болмағандықтан, өгіздің терісінен ыстықта қызып аяқты ауыртатын шәркейлер тігіп киген. Жұмыстың ауырлығы сонша – кейбір балалар ұйқысы келіп, есінен танған кездер орын алған екен. Жеңіс күнін сол жұмыста қарсы алған және «Еңбегі үшін» медалімен марапатталады.
Соғыстан кейін көп жылдар дем алмастан құрылыста, ауыл шаруашылығында механизатор
және тағы басқа қарапайым жұмыскер болып еңбек еткен. Өрт сөндіру қызметіне 1978 жылы келді және құрметті демалысына шыққанша 12 жылдан артық қызмет атқарды. «Үздік өрт сөндіруші» төсбелгісімен марапатталды.
1951-1954 жылдары совет әскерінің алысшығыс әскери округінде зенбіректі дивизионында әскери борышын өткерді. Жарын Раиса Ивановнаны 1954 жылдың желтоқсан айында кездесіп көнілдері жарасып, 1955 жылдың ақпан айында шаңырақ көтерген екен, биыл отбасы құрғандарына 65 жыл толып отыр. Жары Василий Андреевичтің өзін бір көргеннен ғашық
болғанын және еңбекқорлығы мен тырмысушылығының арқасында жүрегіне жол тапқаныны айтты. 65 жылдық отбасылық ғұмырында төрт бала өсіріп, немере-шөберелерінің қызығын көріп келеді.
Ардагер талмай мемлекет дамуы үшін жұмыс істеуге, шыдамдылық пен төзімді қатар алып жүруге отандастарын шақырды. Сонымен қатар, өз Отанына, отбасы мен салт-дәстүрлеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігін ескертті.