Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды
Велосипед ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жуырда М. есімді азаматқа сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Ол дүкен алдында тұрған велосипедті ұрлап, мініп кеткен. Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.
Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы А.Искаковтың сөзінше, жыл басынан 8 сотталған мәжбүрлі еңбекке тартылған болса, оның алтауы мәжбүрлі еңбегін толық өтеген. Қазіргі таңда 2 сотталған азамат күніне төрт сағаттан өз ауылдарында абаттандыру, тазалық жұмыстарын атқарып жүр.
Пробация бақылауындағы азаматтардың қайта қылмысқа бармауы, сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар және күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі.