Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Құқық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері 11 қараша күні Текей батыр көшесінде BMW автокөлігін өрескел құқық бұзғаны үшін Жедел басқару орталығының қызметкері бағыт-бағдар беру арқылы тоқтатқан.

Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 32 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2022 жылдың қыркүйек айындағы сот шешімімен жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес, азамат орта дәрежедегі масаң күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру