Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада бұрын сотты болған ер адам тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен

Ақмолада бұрын сотты болған ер адам тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қарашада Жарқайың ауданының полиция бөліміне Державинск қаласының 62 жастағы тұрғынының осы жылдың қазан айының басында белгісіз адам үйден 80 мың теңге сомасында ақша қаражатын және Циклон электр ұсатқышты ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.

Жәбірленуші шығын сомасын 97 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын сотталған 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қаскөй бұрын өтініш берушінің ауласында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген. Күдікті жәбірленушінің үйіне бірнеше рет барған. Сонымен қатар, ол терезеден үйге екі рет кірген. Осындай үш “сапар” барысында ер адам шаруашылық құрылыстан электр құралдарын, ұсатқышты, жатын бөлмесінде сақталған ақшаны, қысқы күрте мен шалбарды, сондай-ақ бейнебақылау камерасын ұрлап әкеткен.

Жарқайың полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру