Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz

ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақытылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Азаматтардың жеке басын куәландыратын қандай да бір құжаттарының болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеу қызметтерін алуы шектелген, сондай-ақ олардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ.

Облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны – осындай азаматтардың бірі. Ол 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келгенін, сол кезден бастап ешқашан қала сыртына шықпағанын айтқан. 20 жасында құжаттарын жоғалтқан ер адам отбасылық жағдайына байланысты ҚР азаматының жеке куәлігін уақытында ресімдей алмаған. Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің көмегімен ер адам көптен күткен құжатын алып, мемлекеттік қызметтерді пайдалана бастады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын ауыстырмаған 125-тен астам адамды анықтаған. Осыған байланысты ШҚО ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру