Ювеналдық полицейлер петропавлдық есепте тұрған отбасылардың үйлерін аралады
Ювеналдық полицейлер петропавлдық есепте тұрған отбасылардың үйлерін аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Вокзал ауданы, «Уют», Косогор – Петропавл қалалық Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бір кеште бірден қаланың әр ауданында тұратын үш отбасыға барды. Отбасыларға барудағы мақсат, олардың полицияның түрлі есептерінде тіркелуінде. Тәртіп сақшыларымен бірге кешкі тексеріске қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, сондай-ақ волонтерлер қатысты.
Есепте тұрған отбасыларды аралаудың мақсаты – ата-аналар мен олардың балалары тарапынан жасалатын және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар үнемі байланыста: өмірлік жағдайды сұрап-біліп, полицияның құзыретіне жататын уақтылы қажетті шалалар қабылдау үшін талдау жасайды.
5 тамыздан бастап өңірде «Балалар профилактикасы және бақылау» облыстық акциясы өтуде. Акция барысында кәмелетке толмаған балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға, екі отбасыға – полицейлер альбомдар, боялатын суреттер, қарындаштар мен азық-түліктер апарды. Бүлдіршіндер және ересектермен жазатайым оқиға мен қылмыс көріністерінің құрбанына айналмаудың жолын түсіндіріп, әңгімелесе отыра профилактикалық брошюралар мен жадынамалар таратты.
Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, күн сайын облыс орталығында «Балалар профилактикасы және бақылау» акциясына 80 аса кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, учаскелік инспекторлар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылады. Ювеналдық полиция бөлімшесі акция аясында «Тыйым салынған, жасауға болмайтын бес қағида» арнайы жаднама әзірлеп, дайындады. Онда тезис түрінде баланың үлкен қалада жазатайым оқиғаның құрбанына айналмаудың жолы туралы басты ұсыныстар жазылған.
Акция басынан облыс полицейлері тұрғылықты мекенжайлары бойынша 2 170 астам есепте тұрған адамдарды тексерді: оның ішінде 228 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 431 бұрын сотталғандар, 378 тұрмыс төмен отбасылар. Нәтижесінде есепте тұрған адамдардың тарапынан жасалған 24 бұзушылық анықталды. 50 заңды өкіл әкімшілік жауаптылыққа тартылды – олардың бәрі кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағандар.