Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада бірнеше рет сотталған теміртаулық жоқ пәтерлерді жалға берді

Ақмолада Теміртау қаласының тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция басқармасына көмек алу үшін 27 жастағы қостанайлық, Екібастұз қаласының 21 жастағы тұрғыны және Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны жүгінді. Олар белгісіз адам олардан алдау жолымен ақша қаражатын алғанын айтты. Ағымдағы жылы зардап шеккендердің барлығы Olх хабарландыру сайтынан жалға берілетін тұрғын үй іздегені белгілі болды. Олар хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде, 10-20 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасау ұсынылды. Ақша аударылғаннан кейін жарнаманың авторы байланысқа шығуды тоқтатты.
Ақмола облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының аумағында “Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында республиканың түрлі өңірлерінің тұрғындарынан алдау жолымен ақша алған Теміртау қаласының 31 жастағы бұрын бірнеше рет сотталған тұрғыны анықталды.
Ер адам өз ісін мойындады. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Ешқайда кетпеу туралы қолхат” мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру