Заңсыз айналымнан 20 бірлік қару алынды
Ақтөбелік полицейлер "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2020 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жалпы облыс бойынша тіркелген 8 416 қару иесінің (12 699 қару бар) 8 185-і тұрғылықты жері бойынша тексерілді, бұл дегеніміз 97,3%.
Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде барлығы 243 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтау – 19, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін - 158 (оның ішінде сейфтің қабырғаға бекітілмегені - 15, сейфтің металл қалыңдығының параметрлерін сақтамау - тоғыз, дабыл сигналының ақауы - 57 және басқалары – 77) және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін 66 факт тіркелді.
Заңсыз айналымнан барлығы 20 бірлік қару алынды, оның ішінде ойық қару - бір, тегіс ұңғылы қару - 15 және қолдан жасалған қару - бір, сондай-ақ үш бірлік электршокер алынды. Сонымен қатар, азаматтардан 50 пышақ тәркіленді.