Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Алматы облысында заңсыз ауланған балықтың үлкен партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балықты заңсыз аулағандар – Алматы облысының Ұйғыр ауданында тұрады екен.

Табиғат қорғау полициясы ол екеуін Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылының маңындағы теміржол өткелінде ұстаған. Жас шамалары – 28 бен 29-да. Күдіктілер мінген көліктен 32 дана амур ақмарқасы, 24 дана көксерке, 6 дана жыланбас пен 30 сазан, 44 табан балық, резеңке қайық пен 2 қап ау шықты. Оның бәрі қылмыс құралы болғандықтан, сот шешімі шыққанша көлік арнайы тұрақта тұрады.

Күдіктілердің айтуынша, олар балықты Іле өзенінің Ұйғыр ауданындағы Қаракүлдек учаскесінде аулаған. Аталған дерек бойынша қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 335-бабы – “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру