Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз бөтеннің көлігін айдап кеткен азамат анықталды

Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар трассада Қазалы ауданы тұсында көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты. Байқоныр қаласының тұрғыны 26 ақпан түнгі уақытта өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 41 жастағы, бұрын сотты болған, Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру