"Заңсыз келуші" ЖПІШ: Қызылорда облысында 25 құқық бұзушылық анықталды
"Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 25 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының аумағында өтіп жатқан "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 25 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 5 шетелдікке, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республикасының 20 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
- Құрметті облыс тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, халықтың ҚР көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетін болады, - деді Қызылорда облысы ПД бастығы Мұхтар Қожабаев